"Qainar" колледжінде құқықтану мамандығының студенттері үшін қонақ лекциясы өтті.
"Qainar" колледжінде Алматы қаласының Алмалы ауданының полиция өкілдері мен б3рге ұйымдастырған қонақ лекциясы өтті. Лекция құқықтану мамандығында оқитын студенттер үшін өткізілді.
Іс-шараға қатысқан мамандар:
- ОҚП УП Алмалы ауданының аға лейтенанты Бейсен Құмар Нұргелдіұлы
- ОЮП УП МЧС полиция капитаны Бибулатов Мақсат Сейдуаллиев
- ОЮП ОМПС УП Алмалы ауданының аға майоры Баканова Алина Абаевна
Мамандар құқық қорғау органдарындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, қызметтік міндеттердің негізгі аспектілерін түсіндіріп, студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Лекция барысында құқық тәртібін сақтаудың маңызы, полиция мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл және құқық қорғау органдарының қазіргі заманғы сын-тегеуріндері талқыланды. Сондай-ақ заңдарды сақтау және құқықтық тәртіпке ұмтылу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара құқық қорғау органдары мен болашақ құқық мамандары арасындағы байланыстарды нығайтуға маңызды қадам болды.
