«Q» COLLEGE

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні!

5 қыркүйек 2024

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні! 

Бұл ерекше күн еліміздегі әр түрлі этностардың бай мәдениетін, ұлттық құндылықтарын және тілдік әртүрлілігін насихаттауға бағытталған. Әрбір тіл – халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасы. 

"Qainar" колледжі бұл мерекені ерекше мәнмен атап өтті. Іс-шара барысында студенттер әр түрлі ұлт өкілдерінің әндерін орындап, ұлттық билерді билеп, ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеді. Сонымен қатар, Қазақстанның көптілділігі мен бірлігін айшықтайтын викториналар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды. 

Баршамызды осы мерекемен құттықтаймыз! Тілдеріміз өркендеп, достығымыз нығая берсін! 

 


← Ілгері