Қараша айының 13 жұлдызында «Қайнар» академиясы колледжі студенттері арасында дәстүрлі «Күзгі бал-2019» сайысы өтті. Сайыс барысында 1 және 2 курс студенттерінен құралған жұптар қатысып, өнері мен білімі қатар сыналды.
Сайыс таныстыру, сұрақ-жауап, күзгі дастархан, қабырға газеті, үздік күзгі вайн және т.б. кезеңдерден құралды. Сайыстың әр кезеңін колледж басшыларынан құралған әділ қазылар алқасы бағалап, әділ шешімін беруге тырысты.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын биылғы күзгі балдың ерекшелігі біліммен қатар студенттердің өзге де ерекше қабілеттері мен өнерлері, актерлік шеберліктері мен ой ұшқырлығы сынға түсті.
Сайыс қорытындысы нәтижесінде күзгі бал Ханзадасы мен Ханшайымы 1 курс «Құқықтану» мамандығы студенттері, Бас жүлде 1 курс «Құқықтану» (орыс бөлімі), 1 орын 2 курс ЕТжБҚ, 2 орын 2 курс УжА, 3 орын «Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенттері иеленді.
«Күзгі бал-2019» сайысы марапаттау кезеңімен аяқталды.
