«Q» COLLEGE

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

Экономика апта

16 қараша 2018

15.11.2018 жылы «Экономика апталығы» аясында ұстаздардың: Жуманова Гүлжайна, Турманова Камшат, Искаков Талғат ұйымдастыруымен, студенттермен Қазақстан Республикасының  ұлттық валютасы -  теңгенің 25 жылдығына арналған «Теңгенің өткені,бүгіні және ертеңі» атты іс-шара аталып өтілді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге, теңгенің 25 жылдығын еске сала отырып патриоттық тәрбие беру және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. Аталған іс-шараға колледж ұстаздары мен студенттері қатысты. Шара барысында  сұрақ-жауаптар, жұмбақ шешу сынды ойындар жүргізіліп, сыйлықтар ойнатылды. Іс-шараның соңы белсенді студенттерді мадақтау қағазымен марапаттаумен аяқталды. 


← Ілгері