«Q» COLLEGE

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

ВИЧ инфекциясының алдын алу бойынша маңызды жиналыс өтті

7 ақпан 2025

Кездесудің басты мақсаты – қоғамды ВИЧ инфекциясы туралы ақпараттандыру, оның алдын алу шаралары жөнінде хабардар ету және аурудың таралуына жол бермеу.

Жиналыс барысында:

✔ ВИЧ инфекциясы бойынша соңғы статистикалық мәліметтер қарастырылды;

✔ Аурудың берілу жолдары, қорғану тәсілдері және диагностиканың маңыздылығы талқыланды;

✔ Қоғамдағы ВИЧ-ке қатысты күмәндар мен стигмалар жөнінде пікір алмасу өтті.

Денсаулық сақтау мамандары ВИЧ инфекциясынан қорғану үшін қауіпсіздік шараларын сақтау, уақытылы тестілеуден өту және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ерекше атап өтті.

Бұл шара қоғамның ВИЧ туралы дұрыс ақпарат алуына және алдын алу шараларын күшейтуіне өз үлесін қосты.

 


← Ілгері